Іздеу

Алматыда мемлекеттік тілде қызмет көрсететін мекемелердің үлесі 80 пайыздан асқан

2025 жылы мемлекеттік тіл саясатын дамыту бойынша 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл төл тіліміздің дамуына айтарлықтай серпін берді. Десе де қордалаған мәселелер жетерлік. Ендеше Алматы қаласының әкімдігіне қарасты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің қызметкерлерімен қазақ тілінің жай-күйі жайлы сөйлесіп көреміз.