Мемлекет басшысы Германия Канцлері Фридрих Мерцпен кездесіп, келіссөз жүргізді. Тараптар қос ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін сөз етті.
Кейін кездесу кеңейтілген құрамда өрбіді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне баса мән берілді. Бүгінгі таңда бірлескен инвестиция портфелінде жалпы құны шамамен 54 млрд доллар болатын 40 өнеркәсіп жобасы бар. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #канцлер #Фридрих Мерц #Келіссөз #ГерманияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz