Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Германия Канцлері Фридрих Мерцпен кездесіп, келіссөз жүргізді. Тараптар  қос ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін сөз етті.

Кейін кездесу кеңейтілген құрамда өрбіді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне баса мән берілді. Бүгінгі таңда бірлескен инвестиция портфелінде жалпы құны шамамен 54 млрд доллар болатын 40 өнеркәсіп жобасы бар. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: