Алматылық суретші Ақтөре Қыдырәлиевті әріптестері «шығармашыл» орнитолог деп атайды. Олай дейтін жөні бар. Себебі еңбектерінің басым бөлігі құстарға арналған.
Павлодарлық оқушы ластанған өзен-көлдерді тазартуға арналған роботтың үлгісін жасап шығарды. Құрылғы судың бетімен сырғанап жүретін, маса тәріздес жәндікке ұқсас құрастырылған.
Өскемендік Юрий Костанянц ағаштан қазақ хандары мен батырларының мүсінін жасауға құштар. Шебер құр мүсін қашап жүрген жоқ. Кейіпкерлерінің ерлігі мен өмірбаяны жайында сағаттап айтуға бар.
Алтынай Өтеубаева қазақ, ағылшын, француз тіліндегі кітаптарды еркін оқиды. Алтынай төрт жастан кітапқа қызыққан. Әсіресе шытырман оқиғаға негізделген шығармаларды таңдап, талғап мазмұндайтын.
Шымкенттік Әлтайыр Ерназаров 12 жасында-ақ, 600-ден астам кітап оқыған. Бес жасынан кітапқұмар бала қазақша ғана емес, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармаларды да байыптап, әлем әдебиетінің озық…