Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны айтылды.
«Отандық өндірушілер елдегі сауда желілеріне азық-түлік өнімдерін өткізе алмай отыр». Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай осылай деп дабыл қағып, депутаттық сауал жолдаған еді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Түркістанда өтіп жатқан торқалы тойда бірқатар азамат медаль тағып, орденмен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекеде елдің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға мезіретін табыстады.
Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға қатысып, мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаған азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.
Менің Түркістанға ықыласым ерекше. Президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде осылай деп, өңірді түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы деп атады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Ораза айтқа орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келді.
«Жаңа Конституцияны іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету маңызды. Алдағы жоспарлар – Мемлекет басшысының жаңа Ата заңды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес белгіленуге…
Күні кеше қабылданған еліміздің жаңа Ата заңы 10 сәуірге дейін жаппай таралыммен басып шығарылады. Енді еріктілер еңбегі қызметке орналасу барысында ескерілмек.
Конституциялық заң жобалары 15 сәуірге дейін әзірленіп, Үкіметке енгізілуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне осындай тапсырма берді.