Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді, деп хабарлайды 24KZ.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
Тегтер #Мемлекет басшысы #қатар #Баку #АзияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz