Қ. Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында өткен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыз: