ЖИ экономикаға мол табыс әкеледі

Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды осылай деп жариялады. Цифрлық елге айналуды мақсат еткен ел үшін бұл – страте­гиялық жоспар­ды орындауға деген нақты қадам. Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатын­да: «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы деген болатын. Еліміз бүгінде заман көшінен қалмай, эконо­мика мен қоғамдық өмірге жасанды интел­лектіні енгізуге басымдық беріп жатыр.