Мемлекет басшысы Ашхабадтағы Конгресс орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. Халықаралық форумға қатысушылар маңызды жиын алдында бірге фотосуретке түсті.