Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай ұйымдастырылған «Жаңа дәуір – жаңа белес» атты мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сахнасында елімізге танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
