Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы QARMET компаниясының конвертер цехымен танысты. Президентке болат өндіру жұмысы, өндірісті жаңғырту және инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды. 2024 жылы компания №1 және №2 конвертерлерге күрделі жөндеу жүргізіп, корпустарын толық ауыстырған.
Жаңғырту жұмыстары болат балқыту көлемін арттырып, өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша Qarmet 4 миллион тонна болат, 3,6 миллион тонна көмір және 3,9 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіруді жоспарлап отыр. Компания жұмысы басталғалы бері өндіріс қуатын жаңғыртуға және жаңа өнеркәсіптік нысан салуға 2,7 миллиард доллардан астам инвестиция бағытталған. Кәсіпорында шамамен 35 мың адам еңбек етеді.