Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы тұрақсыз болады
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп күтіледі. 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр болжанады.
Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.