Қожа Ахмет Яссауи ілімі мектепте оқытылады

Әскер қатарында, құқық қорғау органдарында және басқа да мекемелерде Яссауи ұлағатының мән-мағынасы түсіндіріледі.

Бұл жайлы Тәжікстан Президентімен кездесуде Мемлекет басшысы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев "әңгіме соқыр сенім, көзсіз пір тұту туралы емес, керісінше ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің ғылыми, әдеби, философиялық мұрасын терең түйсінуде болып отыр" деп ерекше тоқталды. Бұл бастаманың осы жиында айтылуы да бекер емес. Себебі ұлы ойшылдың тереңнен тін тартқан мол мұрасы қазаққа ғана емес, Орталық Азия елдеріне ортақ құндылық. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды таяуда тағайындалған Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  Ислам қайта өрлеу дәуірінің ең көрнекті тұлғаларының бірі Қожа Ахмет Яссауи. Қазақ халқы ұлы ғұлама әрі ағартушы есімін ертеден ерекше қастер тұтады, киелі санайды. Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи мұрасы – бүкіл өркениетке және әрине ғасырлар бойы ортақ рухани дәстүрлері қалыптасқан Орталық Азия халықтарына тиесілі қазына.

Сондай-ақ оқыңыз: