Алматыда қытайлық серіктестердің қатысуымен хирургиялық орталық ашылды

Қазақстан мен Қытай медициналық ынтымақтастықты нығайтып жатыр.

Алматыдағы Ұлттық фтизио-пульмонология ғылыми орталығында кеуде қуысына жасалатын аз инвазивті хирургияны көрсету орталығы ашылды. Орталық тәжірибе алмасуға және заманауи медициналық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Енді отандық дәрігерлер кеуде қуысына операцияны шағын тілік арқылы жасайды. Бұл - хирургиядағы болашағы зор бағыттың бірі. Дәстүрлі ашық операциялармен салыстырғанда жеңіл. Бұл әдіс науқастың тез оңалып кетуіне мүмкіндік береді.

Тілеухан Әбілдаев , Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары:

- Осы орталықтың ашылуы елімізде, ең алдымен, туберкулезді емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ хирургиялық емдеу әдістерін жаңа, жоғары сапалы деңгейге көтеру мақсатында қолға алынған маңызды бастама. Алдағы уақытта орталық толыққанды жұмыс істей бастағанда, еліміздің денсаулық сақтау саласына қосар үлесі зор болмақ. Нәтижесі оң болады деп сенеміз. Бұл орталықтан үлкен үміт күтеміз.

Сондай-ақ оқыңыз: