Былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы транзиттік тасымалдау 3,5 млн тоннадан асты

Бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 20%-ға артқанын айғақтайды. 

Орта дәліз елдер арасындағы тұрақты және тиімді байланысты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мәселен, 3 жыл бұрын Ақтауда Орта дәлізді дамыту және пайдалану бойынша 2022-2027 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылды. Бұл тұрғыда Түркия, Әзербайжан және Қазақстан арқылы өтетін аумақ қамтылған. Құжатта үш елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, жұмысты оңтайландыру, қосымша жүк ағынын тарту, бірыңғай тарифтік саясатты жүзеге асыру, логистикалық орталықтар желісін дамыту секілді негізгі мәселелерді шешу қарастырылған.