Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 6%-ға жетеді

Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі өсім алты пайызға жетуі мүмкін. Бұл туралы вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында белгілі болды. 

Оның ішінде машина жасау саласындағы өсім 12 пайызға жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде – 9, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісінде – 6, жеңіл өнеркәсіпте бес пайыз өсім күтілуде.  Металлургия саласында даму қарқыны сақталады. Үкімет өңдеу өнеркәсібін өркендету үшін арнайы жол картасын әзірлемек. Онда өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуеті барынша ескеріледі.