Алматыда «Қалқаман» метро бекеті 1 желтоқсанға дейін ашылады

Фото: Instagram_darkhan_satybaldy_official

Алматы метросының жаңа «Қалқаман» станциясын 1 желтоқсанға дейін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «24KZ».

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, құрылыс-монтаж толық аяқталды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Станция аумағы абаттандырылып, шамамен 400 автотұрақ орны жасалған.

Станцияны 1 желтоқсанға дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл — қаланың көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Алдағы үш жылда батыс бағытта тағы үш станция салу қажет, — деді Алматы әкімі.

Алматыда «Қалқаман» бекетінің жобасы 2020 жылы қолға алынып, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды.

Сондай-ақ оқыңыз: