Биыл жол-көлік апатынан 95 бала қаза тапты
Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14% көп. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында елордада «Жол қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Шараға 100-ден астам кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен волонтерлар қатысты. Оларға «Ережені сақта – өмірді сақта!» деген ұранмен қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына арналған флешмоб ұйымдастырылды. Астана қаласының полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырды.
Ержан Бахытұлы, Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы
- Астана қаласындағы орталық саябақта жол қауіпсіздік күні акциясы өтуде. Акцияға қатысушылар кәмелетке толмағандар, біздің жасөспірімдер жол ережелерімен танысады. Жол ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді. Біз білмегендеріне көрсетеміз.
Алтын Төлтай, волонтер:
- Біз бүгін полиция департаментімен бірге жолда жүру ережелері бойынша профилактикалық флешмоб өткізудеміз. Әр адамның өз жеке басы бірінші кезекте қауіпсіздігі және ол басқа адамдарға да қауіп келтіру жағдайын тудырмау керек.