Жасанды қант алмастырғыштар адам миын тез қартайтады
Жасанды қант алмастырғыштар адам миын тез қартайтады.
Америкалық ғалымдар аспартам, сахарин сияқты қоспалардың ми жұмысына кері әсерін анықтады. 8 жылға созылған зерттеу барысында мамандар қантты көп тұтынтын және қант диабеті бар 13 мыңдай адамды бақылайды. Зерттеу нәтижесінде адамдардың есте сақтау қабілеті 62%-ға төмендегені анықталды. Бұл дегеніміз 1,5 жылға ерте қартаю деген сөз. Мамандар табиғи балама ретінде бал, үйеңкі шәрбатын қолдануға кеңес береді.