Қ.Тоқаев: Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек

фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, еңбекқор азаматтар мемлекетімізді дамытады.

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», - деді Мемлекет басшысы.