Абай облысында қар мен жаңбыр жауады  

Абай облысында 5 қарашаға дейін дауылды ескерту жарияланды. 4 қарашада түнде облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

5 қарашада жауған қалың қардың соңы бұрқасынға айналуы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі. Сондай-ақ алдағы тәуліктерде облыс аумағында жел күшейіп, түнде 10 градусқа дейін суытуы ықтимал. Күн райының қолайсыздығына байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге жолда мұқият болып, ұзақ сапарға шықпауды ескертті.