Қостанайда кәсіби оқытушылар сынға түсті

Қостанайда «Көлік» бағыты бойынша колледж оқытушыларының республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтіп жатыр.

Бұл жолы елдің түкпір-түкпірінен келген 16 маман сынға түсті. Олар автокөлік қозғалтқышының ақауын тауып, жою, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету сияқты кезеңдерде шеберлік байқасады. Компьютерлік тестілеуді қаншалықты меңгергені тексеріледі. Қатысушылардың әр іс-қимылын сарапшылар қадағалап, бағалайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқытушылардың кәсіби дайындығын анықтау үшін байқауға күрделі тосын тапсырмалар енгізілген. 

Мақсат Смағұлов, байқау сарапшысы:

- Қай колледжде қалай регулировка жасау керек, оны қалай қосып, пайдалану керек, осы жағынан қиындықтар туындап жатыр. Әр жасалған жұмысқа өз бағасын беріп отырмыз. Осының барлығын білуіміз керек деп ойлаймын.