Толайым табысқа толы жыл|Блиц  

Павлодар жұртшылығы да жаңа жылдан жақсылық күтеді. «Өткен жылға өкпе жоқ», -дейді көбі.

Өңір тұрғындары елдегі ауызбірлік пен достықты бағалайды. Татулықты берекенің бастауы деп біледі. Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық саласында оң өзгеріс көп. Біздің тілшілеріміз тұрғындармен тілдесіп, жылдың қалай өткенін сұрады.