Каспий теңізі түбінен тартылатын оптикалық кабельдің құрылысы басталды
Каспий теңізі түбінен тартылатын оптикалық кабельдің құрылысы басталды. Жобаны жыл аяғына қарай аяқтау жоспарланған.
Халықаралық интернет-трафик транзиті Әзербайжан арқылы өтеді. Бұны Еуропа мен Азия арасындағы жаңа цифрлық теле-коммуникациялық дәліз деуге де болады. Сондықтан стратегиялық мәртебеге ие, - деді министр Жаслан Мәдиев.