Елді сүю іс-әрекеттен көрінуі тиіс

«Қарапайым істер де отаншылдықтың белгісі».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында патриотизмнің мазмұны туралы пікір білдірген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елді сүю, құрмет көрсету тек сөзбен емес, күнделікті өмірдегі қарапайым іс-әрекет арқылы көрінуі тиіс. Қазіргі таңда мұны көпшілік салмақтай бермесі анық. Жан баласының бір-біріне көмегі, айналаны таза ұстауға деген әрекеті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де патриоттық сезімнің бір көрінісі. Ол қоғамның бірлігі мен ынтымағын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.