Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты міндет. LIVE

Елде макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы бекітілді. Оны Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен алдағы үш жылда бірлесіп іске асырады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысының бұған дейінгі тапсырмаларының жүйелі орындалып жатқанын және кешегі Ұлттық құрылтайда жүктеген міндеттері бойынша атқарылатын шараларды баяндады.