Қазақстанға емделуге қанша шетелдік келген?

Қазақстанға дертіне дауа іздеп келетін шетелдіктерге Денсаулық сақтау министрлігі ресми санақ жүргізбейтінін айттық.

Десе де Қазақстан туризм қауымдастығының өз дерегі бар. Ұйымның берген сандарына сүйенсек, 2020 жылы елге келген медициналық туристердің саны небары мың жарымға жуық. 2023 жылы 5 мыңнан әзер асқан. Ал 2024 жылы көрсеткіш күрт көбейіпті. Ем алуға келгендердің саны 80 мыңға жеткен. Ал былтыр 73 мың болыпты. 

Елімізге ем іздеп келген шетелдіктер саны:

2022 - 1280

2023 - 5112

2024 - 80 000

2025 - 73 245