Жеті жылда 36,3 мың шақырым жол салынды  

Қазақстанда соңғы жеті жылда 36 мың 300 шақырым жол салынып, жөнделді. 2020-2026 жылдар аралығында республикалық маңыздағы жолдың 12,5 шақырымы, ал жергілікті маңыздағы 18,5 мың шақырымы төселген. 

Соңғы алты жылда төрт жолақты жолдардың ұзындығы 2300-ден 4400 шақырымға дейін жеткізілді. Сондай-ақ автомагистральдердің күтімі айтарлықтай жақсарған. Мәселен, 2020 жылы елдегі 682 шақырым жол ақылы болса, биыл бұл көрсеткіш 6200 шақырымға жетті. Сонымен бірге, осы аралықта жол бойындағы сервистік инфрақұрылым жетіле түскен. Бүгінде ел аумағында 412 қызмет көрсету нысаны тұрғызылды. 2020 жылы 66 пайызы нормативтік талаптарға сай болса, биыл 94 пайызы тиісті деңгейде қызмет көрсетеді.

Дінмұрат Есімхан, ҚР Көлік министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы:

- Жергілікті жолдарға тоқталсақ, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда жеті жыл ішінде 20 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстары атқарылды. Осының нәтижесінде аяқталған жолдар оң көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, халықтың ризашылығына бөленіп отыр деуге болады. Сондай-ақ өңірлер арасындағы жол жүру уақытын қысқартып, жол пайдаланушыларға қолайлы жол жүруді қамтамасыз етіп жатырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз: