Ақтауда жағдай тұрақталды
Кеше толассыз жауған жаңбыр салдарынан шаһардың 11 учаскесінде су жиналып, көлік қозғалысына кедергі келтірген еді. Қазір су толық сорылған, деп хабарлайды 24KZ.
Қала бойынша 20-ға жуық техника мен коммуналдық қызметтің 50 жұмысшысы түні бойы дамылсыз жұмыс атқарды. Бір тәулік ішінде қала аумағынан шамамен 10 мың текше метр су шығарылды. Дәл қазір Ақтауда жаңбыр басылған. Қала да судан толық тазартылды.