Отанды сүю – елдіктің белгісі

Отанын сүйіп, оны құрметтеу әрбір азаматтың парызы, дейді атыраулықтар.

Тәуелсіз елдің киелі топырағынан бастап, тау-тасы, бау-бақшасы, өзен-көлі перзенті үшін ыстық екені даусыз. Қасиетті Отанда қаншама тау тұлғалар, ақын-жазушылар, батырлар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері дүниеге келіп, өсіп-өнді. Сол ел мен жердің қадірін кейінгі ұрпақ та білуі тиіс, дейді өңір тұрғындары.

- Отанға деген сүйіспеншілік отбасына, туған жеріңе, еліңе деген сүйсіпеншіліктен басталуы керек. Оқыған мектебің бар, білім алған, ортаң бар. Дамып келе жатқан мемлекетпіз, балаларымыз тегін оқып жатыр мектептерде, әйтеуір тегін емін де алып жатыр. Жоғары білімін де беріп жатыр мемлекет, сол үшін жақсы көресің.

- Менің ойымша, Отанға деген сүйіспеншілік ең бірінші отбасыңнан, онан кейін өскен ортаңнан басталады деп ойлаймын. Ал Қазақстанды мен не үшін жақсы көремін? Қазақстанды мен бейбітшілік және сөз бостандығы үшін жақсы көремін. Және бірлігі үшін деп айта аламын.

- Отанға деген сүйіспеншілік ол әрбір азаматтың мектеп қабырғасынан, тіпті балабақшадан басталады. Себебі кішкентай кезден орнаған тәрбие-тәлім - ол өсе келе бойға сіңген үлкен мұра деп білеміз. Сондықтан Отанға деген сүйіспеншілік әрбір азматтың балғын балалық шағынан естелігі, сонымен қатар биік арман-қиялдарына ерік берген, қанат бітірген киелі мекен. Сондықтан енді Отанның ыстық болуы әрбір азаматтың көкейіндегі маздаған от деп білемін.

- Қазақстан - ол менің туған, жерім. Отаным. Осы жерде туылдым, өстім өнім жатырмын. Сол үшін  ол маған өте қымбат. Жалпы туған жердің қадірі ол әрқашан да қымбат әрі өте ерекеше сезіледі. Әсіресе ол алыс жақтарда жүргенде сезіледі: туған жердің қадірі, Отанның қадірі.

Сондай-ақ оқыңыз: