Қытай әлемде алғаш рет 10G байланысын орнатты

Әлемде алғаш рет 10G байланысы іске қосылды. Әзірге ол Бейжіңге жақын Сюнъань ауданында сынақтан өткізіліп жатыр. Мамандар байланыс жұмысы тұрақты дейді.

Белгі болғандай, байланыстағы кідіріс бар болғаны 3 миллисекундты ғана құраған. Бұл қазіргі технологиялардың жылдамдығынан ондаған есе артық. Ел билігі 10G өту цифлық инфрақұрылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді. Жоғары өткізу қабілеті 8K форматындағы видео, бұлттық сервис, сондай-ақ виртуалды және үстеме шынайылық технологияларымен жұмысты жеңілдетеді. Қазір Қытайда 5G ұялы байланысы кеңінен қолданылады. 4 млн-нан астам базалық станция бүкіл елді қамтамасыз етіп тұр. Үкімет Ұлттық цифрландыру стратегиясының аясында 10G енгізу мақсатында 168 пилоттық жобаны қаржыландырған.