Таиланд пен Камбоджа келісім орнатты
Таиланд пен Камбоджаның үкімет басшылары бейбіт келісімге қол қойды.
Құжат Куала-Лумпурда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы саммиті аясында, АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен қабылданды. Енді Малайзия мен өзге де азиялық елдер атысты тоқтату шарттарының орындалуын бақылауда ұстайды. Дональд Трамп: "бұл келісім миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді", деді.