Испания халқы ереуілге шықты

Испанияның Севилья қаласында мыңдаған тұрғын ереуілге шықты. Халық мемлекеттік ауруханалардан әйелдердің сүт безі обырына арналған скрининг нәтижелерін ала алмай жүргенін айтып, бас көтерді. Наразы топ: «Бұл жағдай қатерлі ісікті ерте анықтауға кедергі келтіріп, әйелдер денсаулығына қауіп төндіріп отыр», - дейді. 

Оқиғаға байланысты билік денсаулық сақтау министрін қызметінен босатып, маммография бөлімдеріндегі қызметкерлер санын арттыратынын мәлімдеді. Испанияның Ұлттық статистика институтының дерегіне сәйкес 2024 жылы қатерлі ісік елдегі өлім-жітімнің басты себебіне айналған. Өткен жылы дерттен 430 мың адам көз жұмған.