ЕО парниктік газ шығарындысын азайтады

Еуроодақ ауаға таралатын парниктік газ шығарындысын азайту жөніндегі жоспарды бекітті.

2040 жылға қарай оның көрсеткішін 90%-ға төмендету көзделген. Құжатта талаптарды жеңілдету шаралары да қарастырылған. Сарапшылардың айтуынша, бұл шығарындыларды 85%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл шешіммен Польша, Словакия және Венгрия келіспей отыр. Олар өнеркәсіптің жағдайына алаңдаулы. Енді Еуроодақ өзінің ұстанымын Бразилияда өтетін климаттық саммитте ұсынады.