Трамп BBC арнасын сотқа беруге ниетті

АҚШ Президенті Дональд Трамп BBC телерадиокорпорациясын сотқа беруге ниетті. Ол өткен жылдың қазан айында эфирге шыққан Panorama бағдарламасында өзінің сөздерін өзгертіп, мағынасын бұрмалады деп айыптап отыр.

Президенттің өкілдері: «Осының кесірінен Трамп көрерменге бүлікті қолдайтын және Конгресс ғимаратын басып алуға үндегендей әсер қалдырған. Ал шын мәнінде ол, керісінше, азаматтық ұстанымды тек бейбіт жолмен білдіру қажеттігін айтқан», – дейді. Ақ үй BBC журналистік этиканы бұзғанын алға тартып, соттан құқықтық шара қолдануды талап етпек.