Жапонияда қалың қардан қатынас қиындады
Жапонияда толассыз қар жауып, қатынас қиындады. Салдарынан елде көлік апаттары көбейген. Миаги пре-фектурасының өзінде бүгін таңертең 13 көлік жолдан шығып кеткен.
Сондай-ақ елде пойыз және әуе рейстері уақытша тоқтатылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Синоптиктер тұрғындарға қар көшкіні қаупіне байланысты сақ болуды ескертті.