No comment: Палестинаны қолдау шеруі өтті

Ыстамбұлда Палестинаны қолдау мақсатында ауқымды шеру өтті. Жиынға шамамен 500 мың адам және 400-ге жуық ұйым өкілдері қатысты. 

Шерушілер Галата көпірінен бастап, қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Қатысушылар қолдарына Палестина мен Түркия жалауларын ұстап, қолдау ұрандарын айтты.