Берлинде 45 мың тұрғын жарықсыз қалды

Берлинде 45 мың тұрғын жарықсыз қалды.

Бұған жылу беру орталығынан шыққан өрт себеп. Тілсіз жаудан электр желілері зақымданған. 2 мыңнан астам коммерциялық нысанның жұмысы тоқтап тұр. Ауруханаларда генераторлар уақытша іске қосылды. Өрт сөндірілді. Алайда жөндеу жұмыстары 8 қаңтарға дейін созылуы мүмкін. Берлин полициясы "қасақана өрт қойды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады.