Венесуэла АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді қарастырып жатыр
Венесуэла билігі АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұл туралы елдің уақытша президенті Дельси Родригес мәлімдеді. Ол екі мемлекеттегі елшіліктердің жұмысын қайта жандандырып, тараптар арасындағы қатынасты реттеу үшін келіссөздер жүргізуде. Си-Эн-Эн басылымы берген ақпарат бойынша қазір американдық делегация Каракасқа барып, дипломатиялық байланыстарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру мүмкіндігін талқылап жатыр.