Тайвань үшін талас
Тайвань үшін Қытай ештеңеден тайынбайды. Аймақты мемлекеттен бөлуге бағытталған кез келген әрекет басып жаншылады.
Ал сепаратистік күштер қатаң жазаланады. Бұл жөнінде Қытайдың ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеді. Сондай-ақ, ел үкіметі Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынастағы елдердің Тайваньмен қандай да бір келіссөз жүргізіп, келісім жасауына үзілді-кесілді қарсы. Айта кету керек, кейінгі кездері бұл өңірге қатысты даулы мәлімдемелер жиілеп барады.
Чжан Сяоган, Қытайдың Ұлттық қорғаныс министрлігінің
ресми өкілі:
- Тайвань – бұл Қытайдың ішкі мәселесі. Оған ешқандай сыртқы күштердің араласуға қақы жоқ. Тайваньды Қытайдан бөлуге тырысатын сепаратистік күштерді қатаң жазалау үшін қолда бар барлық мүмкіндік қолданылады.