Италияда дүлей дауыл тұрды

Италияда дүлей дауыл тұрып, бірқатар өңірлерде қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Елдің оңтүстігінде нөсер жауып, қатты жел соққан. 

«Бұл «Гарри циклонының әсері», - дейді синоптиктер. Апат аймағында желдің екпіні сағатына 120 километрге, ал толқындардың биіктігі 9 метрге дейін жеткен. Қазір 150 муниципалитетте мектептер мен жоғары оқу орындары жұмыс істемей тұр. Мемлекеттік мекемелердің қызметі тоқтатылды. Кейінгі екі тәулікте үш айлық нормадан көп жауын-шашын түсуі мүмкін. Төтенше жағдай қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.