Иран жерінен Әзербайжанға 1200-ден астам адам эвакуацияланды

Иранға қарсы АҚШ пен Израильдің әскери операциясы басталғалы 39 елдің 1200-ден астам азаматы Ислам Республикасынан Әзербайжан аумағы арқылы шықты.

Көбі Қытай, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан мен Оман азаматтары. Бұл туралы "Репорт" ақпарат агенттігі хабарлаған. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, жолаушылар нөпірі көбейгендіктен "Астара" шекара бекеті күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Шекарадан өткен адамдар Бакуге жеткізіліп, одан әрі өз отанына барады.