Ирак халқы жарықсыз қалды

Өткен түні бүкіл Ирак халқы жарықсыз қалды.

Апатқа техникалық ақау себеп. Басра провинциясындағы елдің басты электр стансасында газ беру көлемі күрт азайған. Салдарынан кешеннің қуаты 1 мың 900 мегаваттқа төмендеген. Бұл бүкіл ел бойынша электр жүйесінің істен шығуына алып келді. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары Иран осы елдің энергетика инфрақұрылымдарына бірнеше рет шабуыл жасағаны туралы хабарлаған болатын.