АҚШ-Иран келіссөзі жалғаспауы мүмкін

АҚШ-Иран келіссөздері жалғаспауы мүмкін.

Пәкістан астанасында екінші кезеңі өтуі керек еді. Бірақ «Рейтердің» хабарлауынша, АҚШ делегациясына жауапты вице-президент Джей Ди Вэнс Исламабадқа аттанған жоқ, әлі Вашингтонда жүр. Иран да асығар емес. Ел Парламенті төралқасының мүшесі Ахмад Надери «Тегеран АҚШ теңіз блокадасын алып тастамайынша, келіссөздердің екінші кезеңіне қатыспайды, Исламабадқа делегация бармайды» деп мәлімдеді. Пәкістан билігі «үміт үзілмейтінін, тараптардан оң жауап күтетінін» жеткізген.