Қытай әскери роботты көбейтті

Қытайдың өзі де жай қарап жатқан жоқ. Соғыс дрондарын көбейтіп келеді.

Алда-жалда қандай да бір қақтығыс бола қалса сарбаздардың орнына төрт аяқты темір иттер, шынжыр табанды машиналар майданға шығады. Қазір көрші ел осындай құлтемірдің неше атасын, түрлі әскери операцияларға қолдана бастады. Интеллектуалды машиналар алдыңғы шепте жүріп жерден де, көктен де барлау жасап, соққы бере алады. Осы ретте Қытай халық-азаттық армиясы қалалық жерде ұрыс жүргізудің тың тәсілін көрсетті.

Лян Цзяин, Қытай әскерінің сарбазы: 

- Ұрыс кезінде сыртқы қорғаныс шебін бұзып, ғимараттарды басып алу ең ауыр әрі шығыны көп кезең саналады. Қазір біз бәрін машиналарға тапсырдық. Бірнеше деңгейлі қорғанысты бұзу үшін дрондар мен қарулы роботтарды үйлестіріп қолданамыз. Бұл жауынгерлердің өмірін сақтап қана қоймай, жаудың кез келген қарсылығын қас-қағым сәтте жоюға мүмкіндік береді.