Еуропада әуе билеттері 20% қымбаттайды
Еуропада ұшақ билеттері 20 пайыз қымбаттайды. Мұны Ирландияның Ryanair әуе компаниясының басшысы Майкл Кевин О’Лири мәлімдеді.
"Жағдайға жанармай бағасының өсуі, салықтың көбеюі және рейс санының қысқаруы себеп", - дейді.
Сарапшылардың болжамына қарағанда алдағы жылы әуе қатынасының құны әлем бойынша қымбаттауы мүмкін. Өйткені авиациялық отын бағасы екі есеге жуық өскен. Қазір оның баррелі 206 доллардан саудаланып жатыр.