Германияда кәсіби білімі жоқ жастар көбейді
Германияда 2 миллион 760 мыңға жуық жастың кәсіби білімі жоқ. Бұл – 20 мен 34 жас аралығындағы әрбір бесінші азамат мамандық алмаған деген сөз. Елдің Білім министрлігі баяндамасында осыны айтты.
Федералдық еңбек агенттігінің басшысы Андреа Налес кәсіби даярлықтың болмауы жастардың жұмысқа орналасуына кедергі әрі табыссыз қалатынын айтып, алаңдаушылық білдірді. Биыл білім алуға ниет білдіріп, оқу іздеген жастардың 179 мыңы ғана өзіне лайықты орын тапқан. Өтініш бергендердің саны былтырғымен салыстырғанда 12 мыңға аз. Мәселені шешу үшін Германия икемді оқу бағдарламалары мен қолжетімді жатақханалар ұсынып отыр.