Үндістанда Диуали діни мейрамын тойлау кезінде 3 адам көз жұмды
Тағы 3 тұрғын жоғалып кеткен. Бұл туралы Үндістанның Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Тұрғындар Диуали кезінде жаппай от пен шам жағып, мерекелік жарылғыштар атады.
Осы кезде Нью-Дели маңайындағы Нарела ауданында 10 жастағы балаға өз ұшырған жарылғыштан мерт болған. Сосын Пали округіндегі пиротехника дүкенінде өрт шығып, 2 адам жан тапсырды.