Финляндия президентіне тарихи құндылықтар таныстырылды
Мемлекет басшысы Финляндия президентімен Ұлттық музейге барды.
Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стуббке ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды. Президенттер Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.