Жетісуда жер сілкінді

Depositphotos

26 қараша күні сағат таңғы 07:15-те Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде болды. Зардап шеккендер жоқ.